Президент Жолдауы: Жергілікті мәселе жергілікті жерде шешілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы: Жергілікті мәселе жергілікті жерде шешілуі тиіс

05.09.2022

Ауыл әкімдері тұрғындардан түскен мәселені өз бетімен шеше алмайды. Мемлекеттік қызмет жүйесі қоғам талаптарына жауап бермейді. Өтініш орындауға көп уақыт кетеді. Жолдаудағы саяси реформаларды талқыға салған сарапшы, саясаттанушылар жергілікті өзін-өзі басқару төңірегінде осындай пікір айтты. Ауыл, аудан әкімдері жергілікті мәселені шешу үшін көптеген құжатты жоғарыға толтырып жіберуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік органдарға халықпен кері байланыстың заманауи тетіктерін тиімді пайдалана алатын мамандар қажет.

Елдос Жұмағұлов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
Мемлекеттік қызмет ол бюрократияға өте көп ұшыраған және халықтың үнемі сынына ұшырайтын жүйе. Осы жерден енді орталықсыздандыру туралы жақсы-жақсы айтылды. Дегенмен де, ауылдас дейтін, әкімідіктес дейтін қызметкерден сұрайтын болсақ, ол белгілі бір мәселені тұрғын келген кезде өз бетімен шеше алмайды. Әкім де шеше алмайды оны. Аудан әкімі де шеше алмауы мүмкін. Бұл бір қалыптасып қалған жүйе.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу