Ұлыбританияда жаңа премьер-министр. Бүгін консервативтік партия 47 жастағы Лиз Трассты өзінің жетекшісі және үкімет басшысы етіп сайлады.
Трасстың кандидатурасы 81326 дауыс жинаса, екінші үміткер - Риши Сунакты қолдағандар 60400-ден аспаған. Патшайым Елизавета Екінші Трассты ертең ресми түрде премьер-министр етіп жариялап, оған министрлер кабинетін жасақтауды тапсырады. Және де Патшайым қазіргі премьер Борис Джонсонның отставкасын қабылдайды. Лиз Трасс осыған дейін сыртқы істер министрлігін басқарды. Ол ең алдымен салықты және шарықтап бара жатқан энергия бағасын төмендетуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, Трасс Украинадағы қарулы қақтығыс НАТО-Ресей соғысына ұласып кетпеуі үшін президент Владимир Путинді тоқтату қажет деп есептейді.
Арыстан Рысбек