Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған. Көлеңкелі нарыққа шығып кеткен мұнай өнімінің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады. Бұл жәйтті қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері анықтаған.
Белгілі болғандай, екі кәсіпкер ешқандай ілеспе құжаттары жоқ мазутты әлдекімдерден арзанға сатып алып, түрлі компанияларға қайта сатумен айналысқан. Сот оларды 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру турлалы үкім шығарды.