Ал ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген қандай көліктер заңдастырылмайтынын хабарлады. Президент жолдауына сәйкес тіркеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы керек. Қазір жауапты министрліктер Ресей, Армения секілді елдерден жеткізілген машиналарды заңдастырудың тетіктерін әзірлеп жатыр. Бастысы көлік 1-қыркүейкке дейін кіргізілген болуы керек. Бірақ іздеуде жүрген, сот тарапынан шектеулері бар, бұрын тіркелген елден есептен дұрыс шығарылмаған, рөлі оң жақта орналасқан және кедендік тексерістен өтпеген, иелерінің құқық белгілейтін құжаттары жоқ автокөліктер заңдастыруға жатпайды.
Досжан Маратұлы