Малды асылдандыруға қатысты заң жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малды асылдандыруға қатысты заң жобасы қаралды

08.09.2022

Әулиекөл ауданында және өзге өңірлерде болған өрттен егістік алқаптарына зиян келген жоқ. Бүгін Сенатқа малды асылдандыруға қатысты заң жобасын алып келген Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, егіннің жартысынан астамы жиналған. Жұмыс қызу жалғасып жатыр.

Досжан Маратұлы, тілші:

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында шешілмеген мәселе көп. Осы заң жобасы сол олқылықтардың орнын толтыруы тиіс. Қазір мал басы өсіп жатыр.

Оны асылдандыруға субсидия да бөлінеді. Бірақ нәтиже біз қалағандай емес. Себеп - кадр тапшылығы. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша бізде төрт түлікті геномдық жолмен асылдандыратын заманауи молекулярлық әдістерді меңгерген маман жетіспейді. Сол үшін ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау әдісі қайта қаралады деген министр Әулиекөлде және өзге өңірлерде болған өртке де тоқталды. Айтуынша тілсіз жау шаруашылықтарға айтарлықтай зиян келтірмеген.

Ал ет бағасы қымбаттамайды. Министр бағаның өсуіне негіз жоқ дейді. Ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Тіпті жақында шаруалардың табысын арттыру үшін шетелге 120 мың ұсақ мал, 60 мың ірі қара экспорттауға рұқсат берілмек.


Хабарламаларға жазылу