Ақтөбеде банк менеджері 777 миллион теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде банк менеджері 777 миллион теңге жымқырған

08.09.2022

Ақтөбеде банк менеджері компаниялардың бірінен қомақты қаржы жымқырған. Ол өз әрекетін 4 жыл бойы жүзеге асырып келген. Шығын көлемі –  777 миллион теңге.

 Кінәсін ішінара мойындағанымен, шығын көлемімен келіспеді. Мемлекеттік айыптаушы оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда,кішкентай баласы бары ескеріліп, 5 жыл арқалады. Сондай-ақ, 10 жыл банк саласында қызмет ету құқығынан айрылды.


Хабарламаларға жазылу