Гаитиде шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаитиде шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

08.09.2022

Кариб теңізі жағалауындағы Гаитиде жүздеген адам шеруге шығып, шарықтап бара жатқан инфляция мен өршіген қылмысқа наразылық білдірді. Ашынған жұрт ел астанасы Порт-о-Пренс көшелерінде дөңгелектерді өртеп, премьер-министр Ариэль Генриден елде тәртіп орнатуды талап етті.

Демонстранттардың айтуынша, ұрлау, тонау, кісі өлтіру, зорлау оқиғалары жиілеп, қылмыскерлер жазасыз қалып отыр. Бұған қоса, Гаитиде азық-түлік пен жанармай қымбаттап, халықтың жағдайы тіпті нашарлап барады.


Хабарламаларға жазылу