Әлихан Смайылов: Өрт кезінде жауапты тұлғалар уақытылы әрекет етпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Өрт кезінде жауапты тұлғалар уақытылы әрекет етпеді

08.09.2022

«Өрт кезінде жауапты лауазымды тұлғалар тиісінше және уақытылы әрекет етпеді. Осы жағдай бойынша қорытынды жасау керек. Кінәлілер жазалануы тиіс». Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметте өткен кеңес барысында осылай мәлімдеді. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға дайындықты толық тексеруді тапсырды. Өйткені, Қостанай облысындағы өрт азаматтық қорғау органдары, табиғатты қорғау және орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесін жедел шешіп, хабарландыру жүйесін жаңғырту қажеттігін көрсетті. Жиында барлық өңірдегі азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, басқа да әлеуметтік қолдау шараларын реттеу жөнінде айтылды. Бұдан бөлек, Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлерге сыйақы беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Қостанай облысындағы және басқа өңірлердегі өрт сөндіру бойынша үлкен жұмысты атқарып отырған төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері, ұлттық гвардиа, қорғаныс министрлігі, лесхоздардың және жерігілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен волонтерлардың барлығына үлкен алғысымызды айтамыз.


Хабарламаларға жазылу