Елдегі кәсіпкерлер мемлекетке 21 млрд теңге қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі кәсіпкерлер мемлекетке 21 млрд теңге қайтарды

08.09.2022

Есесіне салықтан жалтарып, тауар бағасын әдейі төмендеткен кәсіпкерлер мемлекетке 21 млрд теңге қайтарды. Бас прокуратура биыл кеден саласына тексеру жүргізіп, Қытайдан тауар импорттайтын компаниялардың нарықта монополия жасап келгенін анықтады. Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға құны 107 млрд теңге болатын кедендік төлем мен салықты қосымша есептеу туралы хабарлама жіберді. Сонымен бірге заңсыз әрекет үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру де басталған. Бүгінде 7 компания бюджетке ақша қайтарды. Қалған соманы өндіріп алу үшін компаниялардың кепілге қойған мүлкі тәркіленуі мүмкін.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу