Жаңа бастамалар болашаққа деген сенімді нығайтты: Халық Жолдау туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа бастамалар болашаққа деген сенімді нығайтты: Халық Жолдау туралы

09.09.2022

Мемлекет басшысының Жолдауда жастарға пайызы төмен несие беру жөніндегі бастамасы көптің көңілінен шығып отыр. Оқу гранттарының санын арттыру жоғары білім аламын деген мыңдаған жастың болашаққа деген сенімін нығайтты. Халық Президентті 1 реттік 7 жылға сайлау бойынша да пікірін білдіріп жатыр.

БЛИЦ:

Мен өз ойымды айтсам, бұл дұрыс сияқты. Жеті жылда Қазақстанымызды үлкен жетістіктерге жеткізеді деп ойлаймын.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын үлкен бастама деп есептеймін. Себебі деген ол бір адамға үлкен мүмкіншілік деп есептеймін. Ел экономикасын көтеруге деген сияқты.

Расында да кез келген бағдарламаны жеті жыл ішінде жүзеге іске асыруға болады. Үлгеруге болады бір мерзім ішінде
Экономиканың барлық салалары қамтылған екен. Әлеуметтік жағы да мықты болып шықты, осы жолғы Жолдаудың. 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордың қаражатынан 50 пайызы бөлініп беріледі деді. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның жері бай. Жер де байлық та халықтікі деп Президент өзі айтқан болатын.

Президентіміздің беріп жатқан жеңілдігі ол 2,5 процентке несие беру. Ол өте жақсы көмектердің бірі. Бүгінде көптеген студенттер осындай проблемаға ұшырап жатады. Сондықтан бұл өте жақсы көмек деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу