Елордада балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті.
Шараға 4 мыңдай адам қатысты. Отандық және шетелдік мамандар білім берудегі озық технологиялар мен креативті ойларын ортаға салды. Ойын түрінде өткен сабақтар ата-аналар мен балаларға шабыт берді. Мамандар мұндай шаралар жеткіншектердің заманауи технологияларды жақсы меңгеруіне мүмкіндік беретінін айтады. Соның бірі – робототехника шеберлері көпшілікке тың жобаларын таныстырды.
Алдияр Жұмаділ, көрмеге қатысушы:
Біз осыны лифт деп атаймыз. Біздің лифтіміз осы роботты көтереді. Негізінде осы робот мусорды жинау керек. Осыны үйрену үшін әрбір бала істей алады осы инструменттермен бүкіл құралдармен үйренуі керек.