Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды. Себебі, штаттағы төрт округтегі судан алынған сынамадан полиомиелит вирусы табылған.
Жұқпалы індет шілде айында АҚШ-та соңғы он жылда алғаш рет ересек адамнан анықталған еді. Қатерлігі сол сал ауруына әкелуі мүмкін. Вирус әсіресе, 3 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті. Оның алдын алу үшін вакцина салдыру керек. Сондықтан штат билігі екпесі жоқ тұрғындарды дереу вакцина алуға үгіттеп жатыр. Ал бір айға созылатын төтенше жағдай жаппай екпе салу ісін жеделдету үшін қажет. Осы аралықта халықтың 90 процентіне екпе егу жоспарланып отыр.