Өңірлерде жағармай бағасы 500 теңгеге дейін жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде жағармай бағасы 500 теңгеге дейін жеткен

11.09.2022

Әділетсіздік болса, «бұл Қазақстан ғой» деген сөз тіркесіне етіміз үйреніп кеткелі қашан?! Монополия, олигополиядан құтылмайынша, жүйе де өзгермейді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, дизель отынының қымбаттығын олигархтық қылмыстық топтармен байланыстырып отыр. Қазір кей өңірлерде жағармай бағасы 500 теңгеге дейін жеткен. Алайда мұнай өңдеу зауыттары бағасын өсірмеген. Соған қарамастан солярканың құны шарықтап кетті. Сондықтан депутат мұнай өңдеудің барлық циклін жіті тексеру қажет, - дейді.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу бағытын «баға келісу» фактісіне тексеру жүргізу. Жанар-жағармайды сатушы компаниялардың дизель отынын әдейі жетіспеушілігін ұйымдастыру фактілеріне тексеру жүргізуді талап етеміз.


Хабарламаларға жазылу