Психатроптық дәріні Орал қаласының тұрғыны үйінде заңсыз сатып келген. Сондай-ақ Жамбыл облысында да 32 келіден астам түрлі есірткі табылды. Оның ішінде кептірілген марихуана және апиын, реланиум, промедол секілді препарттар бар. Әрі есірткінің ауыр түрін жасауға арналған 4 тонна күкірт қышқылы тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.