Биыл Ресейден Қазақстанға 54 млрд 600 млн теңге ақша аударылған. Ұлттық банктің мәліметінше, жалпы жеті айда шет елдерден 359 млрд теңге біздің қаржы ақша айналымына енген. Әсіресе шілдеде Қазақстанға көбірек ақша қаражат аударылған – 91 млрд теңгеден асады. Ресейден бөлек, Қырғызстан, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Өзбекстаннан елге ақша жібергендер көп.
Ақерке Бектас