Алматыда өнеркәсіптік ипотека пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өнеркәсіптік ипотека пайда болады

12.09.2022

Алматыда өнеркәсіптік ипотека пайда болады. Әкімдіктің хабарлауынша, жоба Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы арқылы жүзеге аспақ. Жаңа жеңілдетілген ипотека арқылы кәсіпкерлерге шағын өнеркәсіп алаңын сатып алуға болады. Бұл бизнес иелерінің несиелік жүктемесін азайту үшін қолға алынатын бағдарлама. Қазір Алматыда аумағы 26 мың шаршы метрден асатын 8 өнеркәсіп паркі жұмыс істейді. Оған 2 млрд теңгеден аса инвестиция құйылып, 670-ке жуық адам жұмыспен қамтылған. Дегенмен әлі 180 компанияға аумағы 106 мың шаршы метрді құрайтын алаң қажет.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу