Қазақ елінің атын шетелге танытқан алты журналист Сыртқы істер министрлігі атынан алғыс хаттарына ие болды. Олардың арасында Америка, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия, Тынық мұхиты аймағы елдерінің алты өкілі бар. Авторлар еліміздің түрлі аспектілерін мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті көрсетуге тырысты. Жеңімпаздар Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару мүмкіндігіне ие болады.
Цолмон Бат-Эрдэнэ, байқау жеңімпазы:
Елдеріңіз туралы бала кезімнен білгім келді. Моңғолия мен Қазақстан бір-бірімен шектесіп тұрған жоқ. Екі елдің арасы – 30 шақырым. Алайда оны біздегі адамдардың көбі білмейді. Сондықтан мен Қазақстан туралы көп зерттеу жүргіздім. Екі елді салыстырып қарағанда мәдениет, экономика, заң жағынан көп ұқсастықтарды байқадым.