Елордаға келген шетелдік БАҚ өкілдері мен ғалымдар Әлемдік діндер съезінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар Қазақстанның жаһандағы мемлекеттердің өзара бейбітшілігі мен келісімін нығайтуда рөлі зор екенін айтады.
Асагири Катсухиро, Жапон халықаралық баспасөз синдикатының президенті:
Бұл жиын дүниежүзіндегі миллиардтаған адамның жүрегіне үміт отын сыйлайды. Себебі, әртүрлі діндер көшбасшылары Қазақстанда бас қосып, бейбітшілік пен ынтымақтастық турасында диалог құрап, маңызды шешімге келуі керек. Бұл өте маңызды. Мұндай шаралардың арқасында біз әлемді сақтай аламыз.
Аида Эйвазова, Әзірбайжан “Asan Radio” компаниясының тілшісі:
Біз жақында ғана соғыс болған ел ретінде оның қасіретін тартып отырған елміз. Азаматынан айырылған аналар мен балалардың жылағанын көру оңай емес. Сондықтан осы дін көшбасшыларының съезінде әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық келісімдерді сақтап қалатын маңызды шешімдер қабылданады деп сенеміз. Бұл жиынның Қазақстанда өтуі де сенім ұялатады. Себебі Қазақстан ылғи да баршаға құшағы ашық, қонақжай, бейбіт ел.
Правеш Кумар Гупта, Вивекананда халықаралық қорының аға ғылыми қызметкері:
Діндер Съезі алғаш рет қазақ даласында туын тіккен кезде мен докторлық диссертация жаздым. Ол кезде Орталық Азияда еңбек еттім. Осы жиын туралы сол кезден білемін. Қазақстан жаһандық дінаралық диалог мекеніне айналды. Экономика, дін, өркениеттердің өзара әрекеттесуі жағынан да Қазақстан мен күллі әлемнің өзара ықпалдастығы байқалады. Бұл сіздердің елдеріңіз үшін үлкен жетістік деп есептеймін.
Ламбриан