Қазақстан мен Қытай арасындағы алыс-беріс былтыр 25 млрд долларға жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы алыс-беріс былтыр 25 млрд долларға жеткен

14.09.2022

Қытай төрағасы соңғы екі жылдағы алғашқы шетелдік сапарын Қазақcтаннан бастайды. Яғни бүгін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин біздің елге мемлекеттік сапармен келеді. Жаһандық геосаясаттағы ахуал сансырап тұрған сәтте әлемнің екінші экономикасы саналатын алып ел басшысының Қазақ еліне атбасын бұруын сарапшылар қазір жан-жақты талқылап жатыр. Көбі көрші, әрі стратегиялық серіктес елдердің арасындағы ынтымақтың көкжиегі осы сапардан соң жаңа белестерге бет алады деген болжамдар айтады. Оның үстіне Қытай басшысының бұл сапары Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезімен тұспа-тұс келіп отыр.

Ал екі ел арасындағы алыс-беріс падемияға қарамастан, былтыр 25 млрд долларға жеткен. Бүгінгі сапар аясында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық әріптестікпен бірге халықаралық аренада қалыптасқан қауіпсіздік мәселелері төңірегінде де пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу