Мұны кеше президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Кейбір болжамдарға қарағанда солтүстік-шығыстағы Харьков облысы толықтай азат етілген. Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Украина жауынгерлері енді Луганск және Донецк облыстарындағы қалаларды қайтаруға кірісті. Сонымен қатар олар оңтүстіктегі Херсон облысында ресейліктер басып алға территорияға 12 шақырым бойлай еніп, бірнеше ауылды бақылауға алды. Осындай шақта АҚШ әкімшілігі Киевке тағы әскери көмек жөнелтетіні белгілі болып отыр.