Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады.
Кездесуде Қазақстан хоккейінің жетістігі, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымы туралы айтылды. Еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстан осы шараны ұйымдастыруға дайын.