Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту

15.09.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін қорытындылау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға алғыс айтты. «Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орнына айналды. Дүние жүзіндегі беделді дін басылар бір шаңырақтың астында жиналды. Шын мәнінде бәріміздің мақсатымыз бір. Бұл өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту», - Президент. Мемлекет басшысы съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан басшысы, Рим Папасы Францискке елімізге жасаған тарихи сапары және съезд жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осы орайда аса қадірлі Рим Папасы Франциске елімізге тарихи сапарымен келгені үшін Қазақстан халқының және өз атымнан тағы да шынайы алғыс білдіремін. Съезд жұмысына өзіңіздің белсене қатысуыңыз біз үшін үлкен мәртебе. Сіздің әлем жұртшылығына арнаған үндеуіңіз жер жүзіндегі миллиондаған адамға үміт пен сенім сыйлағаны анық.


Хабарламаларға жазылу