Халық пікірі: Жолдау – заманауи саяси үрдістердің бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жолдау – заманауи саяси үрдістердің бастауы

16.09.2022

Президенттің өкілеттігі мен бір мәрте сайлануын қамтитын өзгеріс еліміздің заманауи саяси үдерістерге бастайды. Бұл- болашақта билікті монополизациялау болмайтынына кепілдік береді. Бүгінгі маңызды өзгерістерге қатысты қарапайым азаматтардың пікірі осыған саяды.

БЛИЦ:

Президенттің 7 жылдық бір мерзімге сайлануының өзі - Орта Азия елдерінде бұрын-соңды болмаған үлкен бір саяси үрдіс, саяси тренд деп айтуға болады. Бұл 97-2000-шы жылдары Бразилия, Аргентина, Латын Америка елдерінде болған үрдіс. Бірақ олар кейін де өзгертті оны Конституцияларында. Бұл жасалып жатқан реформалардың барлығы президенттің Қаңтар оқиғасынан кейінгі елді жаңарту, елдің саяси жүйесінен жаңартуға бағытталған, нағыз демократияға жасалған нақты қадам деп.

Президенттің бүгінгі ұстанып отырған саяси және әлеуметтік даму бағытындағы ұстанымдары көңіл қуантады. Оның ішінде "еститін мемлекет" қағидасын жүзеге асыруы. Біздің қай ортада да айтылып жүрген ұсыныс-пікірлердің мақұлданып, кейін бағдарламаларға еніп отыруы - президенттің қарапайым халық үнін еститіндігінің көрінісі деп білеміз. Президенттің саяси бастамасын толық құптаймыз.

Кезектен тыс сайлаулар жиі өтіп тұрады. Менің ойымша осының алдын алуға, соған тосқауыл қоюға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өйткені сайлаудың өзіне де қыруар қаржы бөлінеді, оның барлығы мемлекетіміздің бюджетінен алынып жатқандықтан бір реттік сондай мерзімге сайлану – бұл ел үшін де, елдің бюджеті үшін де өте сондай жақсы шешімдердің бірі болатын шығар деп ойлаймын.

Президент жайлы мектеп жобасы қолға алынды деді, яғни ауылда қазір бар үш ауысымда оқитын мектептер бар, білім алуға оқушылардың мүмкіншіліктерін одан әрі қарай көтереміз деді. Сол нәрсе маған аса қатты ұнады. Елдің болашағы жастар деп жатамыз ғой. Солардың білім алуына көптеген мүмкіншілік жасауы.


Хабарламаларға жазылу