Елорда атауын Астанаға өзгертуді депутаттар қолдап дауыс бергенін оқып, көріп отырмыз. Бұл қоғам тарапынан кеңінен талқыланды. Естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі осы, дейді қарапайым тұрғындар. Заң жобасына президенттік мерзімге жеті жылға бір рет сайлану нормасы енгізілгені де көпшілік көңілінен шыққан бастама.