Павлодар облысы аумағында көлік аударылып екі бала көз жұмды. 9 адам жарақат алды. 10 шақты жолаушы мінген шағын автобус Астанадан Өскеменге бара жатқан.
Болат Аманбаев, тілші:
Қайғылы жағдай түнде Екібастұз қаласынан 60 шақырымдағы Қалқаман кенті маңында болған. Қаза болған 6 және 14 жастағы жеткіншек. Екеуі де жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Ал, басқа тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Олардың төртеуі бала. Көліктің қалайша жолдан шығып кетіп аударылғаны жайлы полиция былайша мәлімдеді.
Жасқайрат Қайыров, Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
31 жасар Тойота жүргізушісі рульді басқара алмай жол жиегіне аударылды. Салонның ішінде 11 адам болды. Соның ішінде 6 кәмелетке толмаған, 5-і ересектер. Олар бір-бірімен туыс болады.
Болат Аманбаев, тілші:
Көлік апатынан зардап шеккендердің бәрі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Қазір 7 адам ауруханада. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда орташа хәлде көрінеді. Осы көлікте болған тағы екі әйел адам ауруханаға жатудан бас тартыпты.
Болат Аманбаев