Украинадағы 30 елдімекенге зымыранмен соққы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы 30 елдімекенге зымыранмен соққы жасалды

19.09.2022

Соңғы тәулікте Ресей күштері Украинадағы 30 елдімекенге зымыранмен соққы жасап, инфрақұрылымды зақымдаған. Мұны BBC хабарлады.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский халыққа күн сайынғы үндеуінде майдандағы уақытша тыныштық жаңа қалаларды азат етуге дайындық деп мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге қарағанда Украина күштері Оскол өзенінің шығыс жағалауын бақылауға алып, Донбасстағы Ресей күштеріне қауіп төндіріп тұр. Ресми Мәскеу Ресей әскеріне қысым күшейсе, оған жауап бұдан да қуаттырақ болатынын ескертіп отыр.


Хабарламаларға жазылу