Қызмет сапасы нашар байланыс операторларына 4 миллион теңге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызмет сапасы нашар байланыс операторларына 4 миллион теңге айыппұл салынады

19.09.2022

Шекаралық аймақтағы шалғай ауылдарды айтпағанда, Астананың өзінде де интернет нашар. Бұдан былай сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторлары 4 миллион теңге айыппұл арқалайды. Бұл туралы елорда аудандарын аралап, рейд жүргізген министр Бағдат Мусин мәлімдеді. Белгіленген уақытта қызмет сапасын жақсартпаған оператор екі ай сайын жазаланады. Қыркүйектен бастап байланыс операторларына салынатын айыппұл көлемі он есе өскен. Бұрын бұл сома 350-400 мың теңгенің айналасында болса, енді 4 миллионнан жоғары.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Айыппұл жазып беруден шаршамаймын. Қазір байланысы нашар он нүктеге барып, әр операторға 40 миллион теңгеге айыппұл толтырып беруіме болады. Байланыс сапасы түзелгенше әр екі ай сайын осылай жасаймын. Басқа таңдау жоқ. Мәселе шешілмесе лицензияларды қайтартуға дейін барамын.


Хабарламаларға жазылу