Демалыс күндерінен кейін қор биржасында доллар аздап қымбаттады. Күндізгі сауда-саттықта 2 теңгеге жоғары көтерілсе, кешкі саудада 477 теңге 65 тиынға теңесті. Ақша айырбастау орындарында 479 теңгеге сатылды. Қазір еуро да доллармен бірдей бағада саудаланып жатыр. Ал рубль құны 7,8 теңге шамасында.