Украина армиясы Луганск облысын қайтаруға әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина армиясы Луганск облысын қайтаруға әзірленіп жатыр

20.09.2022

Харьков облысын азат еткен Украина армиясы шығысқа жылжып, енді Луганск облысын қайтаруға әзірленіп жатыр. Осы аймақтың губернаторы Сергей Гайдай мәлімдегендей, ел әскері «Белогоровка» ауылынан ресейліктерді ығыстырған. Ал, «Рейтердің» хабарлауынша, бұл жағдай украиналық жауынгерлер үшін Донбасста қарымта шабуылға жол ашуы мүмкін.

Ресейшіл сепаратистер болса, Луганск және Донецк облыстарын дереу Ресейге қосу мәселесін көтеріп отыр. Ал, кейбір бақылаушылардың ойынша, бұндай референдум нәтижесінде Мәскеу Украинаға соғыс жариялап, Ресейде ер азаматтарды жаппай мобилизациялауға кірісуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу