Зиялылар: Бас қаламыздың атын қайтару - естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялылар: Бас қаламыздың атын қайтару - естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі

20.09.2022

«Астана» атауы брендке айналған. Оны әлем таниды. Сол себепті бас қаламыздың атын қайтару - естуші мемлекет екеніміздің тағы бір дәлелі. Еліміздің зиялы қауым өкілдері осындай ойда.

Дулат Исабеков, жазушы:

Қаланың бұрынғы атының қайтып оралуын мен құптаймын, қосыламын. Осы бізге сіңімді болсын. Ескі үйдегі жаңа қоныс дегендей-ақ, ескінің жаңа есімі құтты болсын, елордамыз, астанамыз гүлдене берсін.

Смағұл Елубай, жазушы:

Қаланың қайта тууы, құлпыруы, еңсе көтеруі - Астана атауымен тікелей байланысты болды ғой. Сондықтан да астаналықтардың Астана атауын аңсайтыны осыдан деп ойлаймын. Халық үнін естуші мемлекетте тұрып жақанымызды бір сездік.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу