Президентті бір мерзімге сайлау – демократиялық жаңашылдық. Осындай жолмен біз Орталық Азия елдеріне үлгі боламыз. Тұрғындар президенттің жалпы өкілеттілігінің қысқаруына қатысты осындай пікір білдіріп жатыр. Халық мемлекет басшысының жолдауда айтқан негізгі бастамаларына да оң көзқарас білдіруде.