Оралда үш оқушыны көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда үш оқушыны көлік қағып кетті

20.09.2022

Абырой болғанда, 11, 12 және 13 жастағы қыздар аман қалды. Олар ауруханада ем алып жатыр. Оқыс жағдай қаладағы 30-мектепке қарама-қарсы аялдама маңында болды. Автобустан түсіп, жолдан өтіп бара жатқан қыздарды Газ-53 маркалы көлік қаққан. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 32 жастағы жүргізушінің есірткі шегіп алғаны белгілі болды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ескелді Жүкенов, дәрігер-нейрохирург:

Үшеуі де жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы деген диагнозбен түсті. Үшеуінің бірінде ашық жаншылған оң жақ аяғының жарақаты болды. Ол кеше түскен бойда қабылдау бөлімінен тез арада ота жасау бөліміне ауыстырылды. Тез арада ота жасалды. Қазір барлығы бөлімшеде, жағдайлары орташа ауырлықта.


Хабарламаларға жазылу