Биыл 4,5 млн тонна мұнай шетелге сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 4,5 млн тонна мұнай шетелге сатылған

20.09.2022

Елде мұнай өндірісі азайды. Статистика бюросының мәліметінше, тамызда шикізат 5 млн тоннадан аз өндірілген. Соңғы 10 жылда көрсеткіш бұлай тек екі рет төмендеді. 2016 жылы және биыл маусымда 4,9 млн тонна. Бірінші кредит бюросының аналитикалық арнасы өндірістің азаюы шикізат экспортына да әсер еткенін жазды.

Биыл 4 млн 478 мың тонна мұнай шетелге сатылған. Бұл екі жыл бұрын экспортталған қара алтын көлемінен аз. Басты себеп Каспий құбыр консорциумындағы жағдай, деп жазады сарапшылар. Қазір әлем нарығында Брент сұрыпты мұнай 91 долларға сатылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу