Қаңтарда қолды болған суық қаруларды әлдебіреулер арнайы жасырып кеткен.
Өңірде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Тәртіп сақшылары қала маңын тінту барысында күдікті қапты тапқан. Ішінен 2 калашников автоматы, пышақты мылтық, газ тапаншасы, жарылғыш граната мен 200-ге жуық патрон және полиция қызметкерлерінің қорғаныс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.