23 қыркүйекте Алматы қаласының орталық стадионында Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді.
Димаш Құдайбергеннің оңтүстік астанадағы алғашқы жеке концертін тамашалауға әлемнің 68 елінен жанкүйер келді. Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам адам, 400 волонтер жұмылдырылған.
Концертте Димаш 31 композицияны орындайды. Шоу барысында әртісті оның бэнд-тобы сүйемелдейді. Ән кешінде Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған әнді орындайды.
Концертке үлкен халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.