Украинада ақпаннан бері Ресейдің 6 мыңдай әскери қызметкері қаза тапқан. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді. Ал Америка Құрама Штаттары өткен айда таратқан деректерге қарағанда, Украинада мерт болған және жараланған ресейлік әскери персоналдың жалпы саны 70-80 мыңға жетіп қалды.
Президент Владимир Путин ішінара мобизилация жариялады. Оған сәйкес, бүгіннен бастап запастағы 300 мың адамды қарулы күштер қатарына шақыру жоспарланып отыр. Кремль басшысының сөзінше, резервистер Украинаға аттанбас бұрын арнайы әскери дайындықтан өтеді.
Путин мобилизация жайлы жарлыққа Украина армиясы Ресей әскерін Харьков облысынан ығыстырып, Донбассты қайтаруға кіріскенде қол қойып отыр.
Айта кетсек, Мәскеу Украинаның Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарының оккупацияланған территорияларын Ресейге қосу туралы «референдумдарды» қыркүйектің 23-27-і күндері өткізетіні белгілі болды.