Ол декларациядан өтпеген құрылғыларды Ыстамбұлға әкетуді жоспарлаған. Алайда оның әрекеттері жүзеге аспай, кеден қызметкерлеріне ұсталып, аппараттар тәркіленді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Бүгінде тәркіленген телефондар қоймаға қойылды. Ал заң бұзған азаматқа қатысты 551 бап бойынша әкімшілік жаза тағайындалмақ.