Бүгінде республикадағы оннан астам кітапханаға 3 мыңға жуық тұрақты оқырман жазылған. Бірақ олардың сұранысы толық қанағаттандырылмай отыр. Өйткені көзі көрмейтін азаматтарға арналған кітаптарды шығаратын баспалар саны саусақпен санарлық. Атап айтсақ, қазір тек 3 баспа жұмыс істеп тұр. Олар соңғы екі жылда оқырманға небары 100-ге жуық туынды ұсынған. Саладағы осы және басқа да мәселелерді талқылау мақсатында Алматыда жас кітапханашылардың слеті өтті. Жиында арнайы кітапханаларға қызметкерлерді тарту мәселесі де көтерілді.
Гүлжанат Тастанбекова, слетке қатысушы:
Бізде қазақ тіліндегі материалдар аз. Қазақша материалдарды сұраныстан таппай жатамыз. Дегенмен жылда өткізіліп жататын жас кітапханашылар слетінде немесе республикалық акциялардың нәтижесі бойынша сұраныстағы кітаптарды шама-шарқымыз келгенше басып шығарып жатырмыз. Болашақта бұл кемшіліктердің орны толады деп сенеміз.