Халық пікірі: Сайлау – саяси жүйені жаңарту процесінің бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Сайлау – саяси жүйені жаңарту процесінің бастауы

22.09.2022

Алдағы саяси дода - конституциялық реформалардың заңды жалғасы. Қазақстандықтар еліміздің саяси жаңғыруына, жаңа демократиялық модельге көшуіне қатысты пікірімен бөлісті.

Қазіргі кезде сайлауды өткізудің маңыздылығы осы ретте қабылданған реформаларды бекіту болып табылады. Өздеріңіз білетіндей алдымызда ғана осы Ата заңымызды реформалаудан өткізіп, жаңарттық. Референдумда біз Ата заңымыздың, Конституциямыздың 30 пайызын жаңартық. Осы сайлауды өткізіп ары қарай келесі көктемде Парламент және Мәжіліс сайлауларын өткізу керек деген пікірді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білдірді. Мен осымен толықтай келісемін.

Жай ғана сайлау емес. Бұл біздің жаңа қадамымыз жаңа Қазақстан құрудағы. Бұл, біріншіден, жаңа сот реформалары, бұл сонымен қатар әкімдерді сайлау реформалары, сонымен қатар жаңа сайлауды өзін өткізудің принциптері де өзгеріп жатыр. Бұл біздің демократиялық көзқарасымызды көрсетіп отыр.

Әртүрлі нарықтардан, биржалардан осы жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылған. Және де кім қандай жұмыс жасаса да жастарға, олардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, олардың жаңағы жұмысқа тез орналасып кетуі осы бағыттағы шешімін бүкіл жастар жалпы қолдаймыз.

Президентке уақыттың қажеттілігі өте маңызды. Себебі стратегиялық және де елдің маңызды шешімдерін қабылдау үшін ұзақ мерзімді уақытты да қажет етеді. Сондықтан бұл бастаманы біз қолдаймыз. Себебі елдің болашағы, Қазақстанымыздың болашағы Мемлекет басшысы айтып жатқандай, жаңа Қазақстанды бірге құрайық, деді.

Хабарламаларға жазылу