Ел президенттігіне үміткерлер 3 миллион теңге жарна төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел президенттігіне үміткерлер 3 миллион теңге жарна төлейді

23.09.2022

Кандидаттар сайлауға түсу үшін үш миллион теңге жарна төлеуі тиіс. Бұл сома ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшеріне тең. Қаражат сайлау қорытындысының нәтижесіне қарай үміткерге қайтарылуы мүмкін. Басқа жағдайларда республикалық бюджетке түседі.

Сәбилә Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Кандидат республика президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады.


Хабарламаларға жазылу