Шетелдік компаниялар ел экономикасын көтеруі керек – экономист - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік компаниялар ел экономикасын көтеруі керек – экономист

23.09.2022

Ресейден Қазақстанға көшіп жатқан компаниялар ел экономикасына жұмыс істеуі керек. Экономист Бауыржан Ысқақов осы мүмкіндікті пайдаланып ақсап тұрған салалардың деңгейін көтеріп алуға болатынын айтады. Ол үшін Үкімет шетелдік кәсіпорындарға тиісті шарттарды ұсынуы тиіс.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Келіп жатқан компаниялардың көбі кірістілігі өте жоғары салаларға қарай мойын бұрған. Бізде мысалы әлі де еңсесін көтере алмай отырған ауыл шаруашылығы саласы бар. Әлі де қарқын ала алмай жатқан туризм саласы бар. Көліктік логистика бар деген сияқты. Яғни, біздің өзіміздің потенциалымызды ашуға мүмкіндік беретін компаниялар болатын болса, оларға кәдімгідей арнайы талаптардың барлығы да қазақстандықтармен бірдей болады.


Хабарламаларға жазылу