Германияның 250 қаласында табиғат жанашырлары шеру өткізді.
Шараға мыңдаған адам қатысқан. Олар климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауды талап етіп, жаһандық ереуіл өткізуге үндеді. Сонымен қатар экология белсенділері экономиканың табиғатқа зиян тигізетін салаларына субсидия бөлмеуді, жаңғырмалы энергия көздеріне көшуді талап етті. Климаттық шерулер әлемнің бірнеше елінде өтіп жатыр.
Арай Төлегенқызы