Осыдан бес ай бұрын құрылған Жетісу облысының көлік жүргізушілеріне жаңа аймақтың мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады. Бұдан былай облыс тұрғындары темір тұлпарларына 19-шы аймақтың номерін тағады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында екі күннің ішінде 200-ден астам мемлекеттік нөмір берілді. Мамандардың сөзінше, жалпы Жетісу облысына 500-ден астам номер келген. Мұнан кейін де рет-ретімен келе бермек. Ал бұған дейін Алматы облысының, яғни 05-ші аймақтың нөмірін алған жүргізушілерге алаңдауға еш негіз жоқ. Олар қайта тіркеуге дейін ескі нөмірлерімен жүре береді.
Біржан Жанғабылов, қала тұрғыны:
Осы 19-шы регион нөмірін беріп жатыр. Кеше келіп рәсімдедім. Бірінші болып осы 019 нөмірін алдым. Қуаныштымын. Бір сағатқа жеткізбей құжатымды алдым.
Қуаныш Қанатұлы