Археологтар Абай облысында ескі қаланың орнын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Археологтар Абай облысында ескі қаланың орнын тапты

24.09.2022

Археологтар Абай облысы Үржар ауданынан шамамен XII-XIII ғасырларға жататын көне қала орнын тапты. Аумағы 10 мың шаршы метрді алатын тарихи орында ғимараттардың қабырғалары жақсы сақталған. Мамандар осыған дейін еліміздің Шығыс өңірінде қала мәдениетіне қазба жұмыстары жүргізілмеген-деп отыр. Табылған шаһар айналасы терең орлармен қоршалған. Сол себепті археологтар мұны Үгедей ханның қорғаны болуы мүмкін деп топшылайды. Тарих беттерінде Ертіс маңында 12 қала болғаны туралы деректер бар. Анықталып отырған көне шаһар солардың алғашқысы болуы мүмкін. Ол Алакөлге жақын маңда орналасқандықтан, келешекте туристер тамашалайтын тарихи орынға айналуы мүмкін.

Ерден Оралбай, археолог:
Бір байқағанымыз 200 жылдай қысқа өмір сүрген қала. Қабырғалары жақсы сақталған. Саз кірпіштен екен. Мақаншы-Үржар тасжолынан 18 км жерде тұр. Туристер емін-еркін барып-келіп көтерін, үлкен болашақта тарихи-мәдени орын болуға ыңғайлы.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу