Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы шерулер жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, демонстрациялар полициямен қақтығысқа ұласып, 2 мыңнан астам адам тұтқындалды. Манифестациялар Дағыстанда, Якутияда және тағы басқа аймақтар мен қалаларда өтті. Ал кейбір жерлерде ашынған жұрт әскери комиссариаттар мен әкімшілік ғимараттарын өртеп жіберген. Президент Владимир Путин ішінара мобилизация туралы жарлыққа қыркүйектің 21-інде қол қойды. Содан бері ел аумағында қарсылық акциялары жалғасып жатыр.
Арыстан Рысбек