Тәжік-Қырғыз шекарасындағы атысты тоқтату туралы құжатқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-Қырғыз шекарасындағы атысты тоқтату туралы құжатқа қол қойды

26.09.2022

Душанбе мен Бішкек шекарадағы әскери қақтығысты тоқтатуға келісті. Тиісті хаттамаға Тәжікстан қорғаныс министрі Саймумин Ятимов пен оның қырғызстандық әріптесі Қамшыбек Ташиев «Қызыл бел» бақылау-өткізу пунктінде қол қойды. Олар «Келіссөз жүргізіп, енді арамызда жанжал болмауы керек деген ұйғарымға келдік»,- дейді. Екі мемлекет әскері осы айдың ортасында қақтығысып, ондаған адам қаза тапқан. Тәжікстан-Қырғызстан шекарасының ұзындығы - 980 шақырымға жуық. Оның жартысы әлі күнге дейін келісіліп, белгіленбеген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу