Семейде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерей тойына орай ультромарафон ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Семей қаласынан Бөрілі ауылындағы Әуезов музей үйіне дейін 85 шақырымды жүгіріп өтті. Осылайша олар кемеңгер жазушыға тағзым етіп, салауатты өмір салтын дәріптеуді көздеген. Шараға Семей мен Астана қаласындағы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Рамазан Саттарұлы, марафоншы:
85 километрді 8,5 сағатта жүгіріп өтемін деп есептеп отырмын. Мәреге жететініме сенімдімін. Неге десеңіз осы кезге дейін, 6 толық марафонды, үш рет 6 сағаттық ультромарафондарды игергенмін.