Еуроодақ Қазақстандағы демократиялық үдерістерді қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ Қазақстандағы демократиялық үдерістерді қолдайды

27.09.2022

«Еуроодақ Қазақстандағы демократиялық үдерістерді қолдайды». Бұл туралы Одақтың сыртқы істер қызметінің өкілі Люк Девинь арнамызға берген сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, Еуроодақ Қазақстандағы саяси, құқықтық реформаларды және елдің аймақтағы тыныштықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалайды. Қос тарап кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында 30 сала бойынша байланысты күшейтпек.

Люк Девинь, ЕО Сыртқы істер қызметінің Ресей, Орталық Азия ЖӘНЕ ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары:
Қазақстанның әлемде бейбітшілік орнатудағы рөлі маңызды, ұстанымы берік. Президент Тоқаевтың елдегі демократияны дамытуға бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін демократия қажет. Қаңтар оқиғасы көпке бейбітшіліктің қадірін ұғындырды. Еуро Одақ заң үстемдігі мен өзге де салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра бермек. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу