Түске дейін Түркістанда болған Мемлекет басшысы жұмыс сапарын Шымкент қаласында жалғастырды. Президент қаланың бас жоспарын келер жылдың ортасына дейін қайта қарауды тапсырды. Миллионнан аса тұрғыны бар өңір халқы биыл тағы 66 мыңға көбейген.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде өндірісті дамытуға басымдық беруді жүктеді. Мысалы, қалада мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Бірақ одан шығатын қалдықтарды қайта өңдеу ісі осы күнге дейін жөнді қолға алынбаған. «Сондықтан зауыттың жанынан қосымша құны жоғары сапалы өнім шығару мәселесін пысықтау қажет», - деді Президент. Мемлекет басшысы шаһарды әлеуметтік-экономикалық бағытта одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақерке Бектас