Шетел азаматтарына орын беретін қонақ үйлер, жатақханалар мен пәтер иелері өздеріне келушілер туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға бірінші ескерту беріледі, ал жағдай қайталанса 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Шетелдіктер туралы хабарлаудың үш тәсілі бар. Бірінші - электронды визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлау. vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттағы деректері жеткілікті. Екінші әдіс - жауапты тұлға өз ауданы бойынша көші-қон қызметіне қоңырау шалу керек. Үшінші – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасы арқылы хабарлау.
Аслан Аталықов, ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Жеке және заңды тұлғалар заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамыз. Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдаушы тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс.
Асылбек Данияр